{metadescription}
Тарақандар мен егеуқұйрықтар: Алматыдағы ауруханада түсірілген видео елді шошытты

Тарақандар мен егеуқұйрықтар: Алматыдағы ауруханада түсірілген видео елді шошытты

Әлеуметтік желілерде Алматы ауруханаларының бірінде тарақандар мен егеуқұйрықтар түсірілге видео пайда болды.

Автор № 7 қалалық клиникалық ауруханадағы антисанитарлық жағдайға шағымданды. Бірақ медицина мекемесі басшылығы бұл видео тапсырыс бойынша түсірілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Видео Instagram-да пайда болды. Онда әйел қалалық клиникалық аурухананың операция бөлімі және зертханаларының жанында тарақандарды түсіріп жатқанын айтады. Бейне соңында әйел ақ егеуқұйрықты көрсетеді.

"Алматыдағы жетінші клиникалық аурухананың қызметкерлері сізге хат жазып жатыр. Шаршадық, біз операция бөлімдеріндегі антисанитариялық жағдайда жұмыс істей алмаймыз. Тарақандарға үйреніп қалдық, олар барлық жерде жүреді. Енді егеуқұйрық келді. Бірақ мұндай жағдайда жұмыс істейміз, емдейміз. Науқастарды аяймыз. Жасырын түрде жазып отырмын, оның себебін түсінесіздер ғой", - делінген хабарламада.

Ал № 7 қалалық клиникалық аурухана әкімшілігі видео жалған екеніне сенімді.

"Аурухана қызметкерлерінің шағымымен айтылған бұл жалған видео бізді ашуландырды. Видео монтаждалған деп санаймыз. Ондағы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, мүмкін ол біржақты, тапсырыспен түсірілген шығар. Видео қашан түсірілгені белгісіз. Видеода түсірілген тарақандардың түрі тұрғын үй-жайларда өмір сүрмейді, мүмкін олар аквариум. № 7 ҚКА-да барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталатынын мәлімдейміз. Күн сайын дезинфекция жүргізіледі. Әр дүйсенбіде жалпы тазарту жұмыстары жүргізіледі", - деді аурухана.

Дереккөз: Stan.kz                                                               

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.