{metadescription}
Елімізде 65 жастан асқандарға да вакцина салынатын болды

Елімізде 65 жастан асқандарға да вакцина салынатын болды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы 65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға байланысты түсінік берді.

«65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға қатысты өндірушінің ресми ақпаратының негізінде, медициналық қарсы көрсетілімдерін (созылмалы аурулардың, аллергиялық реакциялардың және өзге де қарсы көрсетілімдердің болуы) ескере отырып, осы жас ерекшелік санатындағы адамдарды вакцинациялауға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысына қол қойылды», - деді Е. Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде