{metadescription}
СҚО-да боранда адасқан екі малшы табылды

СҚО-да боранда адасқан екі малшы табылды

Солтүстік Қазақстан облысында кеше ақ түтек боранда табын соңынан кетіп, адасқан екі малшы бүгін түске таман аман табылды.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы Амангелді ауылының екі бақташысы 23 ақпан күні сағат 16.00 шамасында табынның соңынан кеткен. Бірақ қол созым жер көрінбейтін боранда жолдан адасқан. Ер адамдар ұялы телефонмен байланысқа шығып, орманды паналағандарын айтқан. Оларды іздеуге 40 адам жұмылдырылды.

Нәтижесінде бүгін сағат 12.00 шамасында аман-есен табылды. Ер адамдардың жағдайлары жақсы, аудандық ауруханаға барып, медициналық тексерістен өтуге бас тартты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде