{metadescription}
Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысы шектелді

Еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Шығыс Қазақстан облысында 24.02.2021 күні 18.30-да ауа райының нашарлауына байланысты «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы тасжолының 105-123 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қызылорда облысында 24.02.2021 күні 18.30-дан бастап боран тұрып, көріну нашарлағандықтан «Самара-Шымкент» автожолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты 24.02.2021 күні сағат 18.45-тен бастап «Самара-Шымкент» тасжолының 1153-1240 шақырымында, Ырғыз ауылына бұрылатын аумақта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде