{metadescription}
Тоқаев кәсіпкерлерді ауылда үй салуға шақырды

Тоқаев кәсіпкерлерді ауылда үй салуға шақырды

Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлерді ауылдық елдімекендерде тұрғын үй салуға шақырды.

"Былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өсті. Бұл - жақсы көрсеткіш. Халықтың тұрмыс сапасын арттырудың басты шарттарының бірі – тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Біз осы маңызды мәселені шешу үшін ауқымды шаралар қабылдап жатырмыз. Қазір азаматтарымыз өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана бастады. Бұл бұрын-соңды болмаған теңдессіз қадам. Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы", - деді Президент. 

Бүгін елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтіп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде