{metadescription}
Сенатор ашаршылыққа қатысты құпия деректерді ашуды талап етті

Сенатор ашаршылыққа қатысты құпия деректерді ашуды талап етті

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы ашаршылыққа қатысты құпия құжаттарды ашуды талап етті.

Сенаттың жалпы отырысында Мұрат Бақтиярұлы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, ашаршылықтың ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей отыр. Деректер ала-құла, ал құрбандардың нақты санына қатысты ортақ пайым жоқ. Себебі көптеген құжат ашылмай отыр.

"Ашаршылыққа қатысты көптеген құжат пен құнды материал ұлттық қауіпсіздік комитеті, бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің архивінде сақтаулы тұр. Ал оған зерттеушілер кіре алмайды. Бұл мәліметтер осы күнге дейін құпия болғандықтан, қолында нақты дерегі жоқ тарихшылар ашаршылық жылдары қайтыс болған, Қазақстаннан тыс жерге ауып кеткен, түрлі індеттер мен жұқпалы аурулардан көз жұмған адамдардың саны туралы кесімді нәрсе айтуға бара бермей, тек жуықтап әрі шамалап айтуға ғана мәжбүр", - деді Бақтиярұлы.

Депутаттың айтуынша, ашаршылық ақиқатын толыққанды ашып, оған объективті баға беру қажет. Ол үшін "Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас" атты дөңгелек үстелдің қатысушылары әзірлеген ұсыныстарды іске асыру қажет. Олар:

  • барлық архивке кіруге рұқсат беру;
  • архивтердің "құпия" деген белгілерін алып тастау;
  • шекаралас мемлекетердің архивтеріне кіруге мүмкіндік жасау;
  • ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеу;
  • ашаршылық қасіреті туралы кітаптар шығару, театрлық қойылымдар жасау, фильмдер түсіру.

Бұдан бөлек, ғалымдар жыл сайын 31 мамырда мемлекеттік деңгейде "Аза тұту минутын" өткізуді ұсынып отыр.

"Ашаршылық қасіретін ұрпақтар жадында мәңгі есте қалдыру мақсатында елордада "Аза сарайы", не болмаса, "Қазақ қасіретіне тағзым" мемориалдық кешенінің құрылысы қолға алынса, құба-құп. Онда интерактивті карта арқылы ашаршылық жылдары халқымыз өткен тозақтың жан шошырлық фрагменттері, халықтың аштыққа ұшыраудың нақты себептері, ашаршылықтың салдары, аштық апаты жойған тұтас ауылдар, әулеттер, адамдар жайындағы деректер көрсетілуі керек", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Депутаттың айтуынша, кешенге кірген адамдар қазақ халқына жасалған тарихи әділетсіздікті терең ұғынады. Тарихи санамызды да жаңғыртады.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде