{metadescription}
Маңғыстауда жаңа мұнай кен орны ашылды

Маңғыстауда жаңа мұнай кен орны ашылды

Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тепке учаскесінен ТЗ- бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағы атқылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ. Бұл қуанышты хабарды облыс әкімі С.Трұмовпен кездескен Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов жеткізді. Оның айтуынша, Тепкедегі кен орны - еліміз тәуелсіздігін алғалы 30 жылда Маңғыстау облысында ашылған алғашқы ең ірісі болмақ.

«2018 жылы басталған геологиялық барлау жұмысы нәтижесін берді. Алынған мұнайдың қысымы, дебиті, газдық факторы және басқа да параметрлері бойынша ірі кен орны болады деп жоспарлап отырмыз. Қазір кенорнындағы мұнай қорын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа кеніштің айналасында «Қарақұдық», «Арыстан» және «Комсомольское» кен орындары орналасқан», - деді Меридиан Петролеум компаниясының президенті Б. Қуандықов.

Жаңа кен орнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы барлық кенішті ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтің есімі берілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде