{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Өткен тәулікте Қарағанды облысының аумағында үш жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, бір адам жарақат алды. 24 ақпанда Осакаров ауданында Нұр-Сұлтан – Қарағанды автожолында DAFTE 105xf автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі Қарағанды бағытына бара жатып, жолдың нашар көрінуі салдарынан рульді басқара алмай, қарсы келе жатқан Нұра ауданының 23 жастағы тұрғыны тізгіндеген Ravon Nexia R3 машинасымен соқтығысты.

«Апат салдарынан 34 жастағы Ravon Nexia R3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу« бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сол күні Теміртауда 32 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі Республика даңғылында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 36 жастағы әйелді қағып кетті. Зардап шегуші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды. ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі «Абайсызда адам денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екі дерек бойынша да тергеу жүргізілуде. Полицейлер ауа райының күрт нашарлауына байланысты көлік құралдарының жүргізушілері қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуы, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауы тиіс екенін ескертеді. Жаяу жүргіншілерге де қырағы болған жөн.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына ұзақ сапарлардан бас тартуды және ауа-райы мен жолдардың жай-күйі туралы хабарламаларды бақылауды ұсынады. Жолда қиын жағдайға тап болған азаматтар кез келген уақытта полицияға «102» нөмірі бойынша хабарласа алады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде