{metadescription}
Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтатуға келісті

Үндістан мен Пәкістан әскерилері Кашмирдегі даулы шекара бойында оқ атуды тоқтатуға келісті.

Бұл туралы Үндістан және Пәкістан әскери операциялары Бас штабтарының бірлескен мәлімдемесінде айтылады. Тараптар екі ел бақылауындағы аудандарды бөлетін желіде (Line of Control; LOC) атыстарды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты. Үндістан мен Пәкістан өкілдері Қадағалау желісі мен өзге учаскелердегі жағдайды бағалап, проблемалар мен келіспеушіліктерді реттеуге өзара күш салуға келісті.

«Екі тарап 2021 жылдың 24-25 ақпандағы түнгі уақыттан бастап Қадағалау желісі мен басқа учаскелер бойындағы оқ жаудыруды тоқтату туралы барлық келісімді қатаң сақтауға уағдаласты», - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Бұл екі ядролық держава 1947 жылы Британиядан тәуелсіздік алған кезден бері Кашмирдің дербестігі төңірегіндегі наразылыққа байланысты үш рет соғысқан болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.