{metadescription}
Ақордада қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту мәселесі талқыланды

Ақордада қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту мәселесі талқыланды

Кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады. Кездесу кезінде Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе компанияның қазіргі жұмысы туралы айтып берді. Олардың айтуынша, ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығын артып отыр. Бұған Kaspi.kz акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде сәтті шығарылуы себеп болған.

Сондай-ақ, кездесуде қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуі және оның қолданылу аясын кеңейту, компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрландыру жобаларын жүзеге асыру мәселелері де талқыланды.

"Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмыстарының перспективалық бағыттары белгіленіп, Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қатысты мәселелер нақтыланды", - делінген ресми хабарламада.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.