{metadescription}
Нұр-Сұлтанда екі ер адам банк ғимаратына басып кірді

Нұр-Сұлтанда екі ер адам банк ғимаратына басып кірді

Нұр-Сұлтанда банк ғимаратына заңсыз кірген күдіктілер ұсталды.

Департамент түнгі сағат 02.30-да алкогольдік мас күйінде екі ер адам әйнек есікті сындырып, банк ғимаратына кіргенін хабарлады. Қауіпсіздік дабылы естілгендіктен, қаскүнемдер ұрлық жасай алмады. Күзет мекемесінің қызметкерлері қылмыс болған жерге дереу жетті.

Нәтижесінде 21 және 23 жастағы екі күдікті қамауға алынды. Полицияның хабарлауынша, жастар кафеде көп ішімдік ішкеннен кейін оңай жолмен байығысы келген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.