{metadescription}
Қамшыбек Қоңқабаев WBO титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеді

Қамшыбек Қоңқабаев WBO титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеді

Алматыда 27 ақпанда өтетін MTK Fight Night турниріне қатысушылардың салмағын өлшеу рәсімі өтті. 

Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2 КО) бірінші ауыр салмақтағы WBO Asia Pacific чемпионы бос атағы үшін Украина өкілі Сервер Эмурлаевпен (23-1, 9 КО) жұдырықтасады. Екі қарсылас та өз санаттарының лимиті - 90,7 келіден аспады.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда қазақстандықтың қарсыласы солтүстік ирландиялық боксшы Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болуы керек еді. Бірақ ол жеке себептермен ұрыстан шығуға мәжбүр болды. Сондай-ақ шоу аясында рингке өзге де қазақстандық және шетелдік боксшылар шығады. Турнир 27 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Sporttimekz және IFL TV YouTube арналарында, сондай-ақ ESPN арналарында көрсетіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.