{metadescription}
1 наурызда көктемгі әскери қызметке шақыру басталады

1 наурызда көктемгі әскери қызметке шақыру басталады

13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды. Қорғаныс ведомствосы әскерге шақыруды ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты қорғаныс ведомствосы қабылдап жатқан алдын алу шаралары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде құрама пункттерде ПТР-талдама алынатынын айтты.

«Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады. Биыл шақырылуға жататын азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылатын болады», - дейді Сәкен Жүсіпов.

Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS- хабарламалар жібереді. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы әскери қызмет – бұл әрбір жастың конституциялық міндеті екенін, ал оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салды.

«Ақша беру жолымен көмек көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырыспаңыз. Бұл халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруы кейінге қалдыруды қажет ететін істі қолға алатын алаяқтар», – дейді қорғаныс ведомствосының өкілі.

Полковник Сәкен Жүсіпов бопсалауда, не туындаған мәселелерді шешу ұзаққа созылған жағдайда Қарулы Күштер – адалдық алаңы жобалық офистеріне жүгінуді ұсынды. Әскерге шақыруға байланысты барлық рәсімдер кеңес бере отырып, барынша ашық форматта ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Ол үшін жергілікті әскери басқару органдарында электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар құрылды.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде