{metadescription}
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл жағдайда қонды

Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл жағдайда қонды

​2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12.26-да​ Іле ауданы Боралдай кентінде Боралдай-Кеген бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышы жұмыс істемей қалғандықтан шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.​ Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге​ қонды. Оқиға болған жерге ТЖД-ның 7 қызметкері мен 2 техника, "Боралдай" авиациялық қауіпсіздік қызметінен 15​ қызметкер мен 5 техника барды.

"Ұшақта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", - делінген хабарламада.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде