{metadescription}
Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке итермелеген

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздарды жезөкшелікке итермелеген

Ақтөбеде кәмелетке толмаған қыздарды жөзекшелікпен айналысуға итермелеген күдікті ұсталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті, Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері сайттардың бірі арқылы ақшалай сыйақы үшін клиенттерге қыздарды ұсынған жеңгетайды анықтады.

«Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту» бабымен тергеу басталды. Санкция бойынша мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде