{metadescription}
Түркістандағы төрт бала мен анасының өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Түркістандағы төрт бала мен анасының өлімі: қылмыстық іс қозғалды

Облыс әкімі полиция мен төтенше жағдайлар департаментіне қайғылы оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.

Түркістанда әйел мен оның төрт баласының қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бес адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізген.

"Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасының психологтары қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді.  5 адамның денесін жерлеу орнына жеткізу үшін көлік берілді, жерлеуді ұйымдастыруға қосымша жәрдем көрсетіледі.

27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылғаны хабарланды. 40 жастағы әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болған. Үйде газбен жылытатын жабдық қойылған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткені белгілі болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде