{metadescription}
Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып үлкен апаттың алдын алды

Нұрия терезеден аулалардың бірінде тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған, ол дереу әкесіне хабарлаған.

Ақмолалық полицейдің 6 жасар қызы жанып жатқан көлікті байқап, дер кезінде ата-анасына айтып берген. Оқиға Көкшетау қаласының Юбилейный шағын ауданында 25 ақпан күні болған. Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Серік Баймұқановтың 6 жасар қызы ұйықтауға бара жатып терезеден аулада тұрған көліктің астынан шығып жатқан ұшқындарды көріп қалған. Қауіпті жағдайларда не істеу керек екенін жақсы білетін Нұрия бірден әкесіне хабарлаған.

Серік Керімбайұлы анасы мен әйеліне өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалуды тапсырып, ойланбастан көшеге шыққан. Өрт шыққан көліктің жанында басқа да көлік құралдары тұрған. Ол басқа көлік құралдарының дабылын іске қосып, көлік иелерінің назарын аудару үшін оларды соға бастаған.

Бұдан кейін көлік иелері тысқа шыққанда көліктерді өрт ошағынан алыстатуды өтініп, сыртқа шыққан жастармен бірге өрт ошағын оқшаулауға кіріскен. Осылайша кішкентай қыздың қырағылығының арқасында үлкен апаттың жолы кесілді.  

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде