{metadescription}
Көлік сатып алып, 6 жылдан бері ақшасын бермей жүрген тұрғын ұсталды

Көлік сатып алып, 6 жылдан бері ақшасын бермей жүрген тұрғын ұсталды

Қызылордада алты жылға жуық уақыттан бері сатып алған қымбат көлігінің ақшасын бермей жүрген 34 жастағы тұрғын ұсталды.

Бұл жөнінде 27 ақпанда жергілікті тұрғын полицияға хабарласқан. Ол өз арызында 2015 жылдың желтоқсан айында «Toyota Land Cruiser» автокөлігін қолхат арқылы сатқанын көрсеткен. Бірақ, сатып алушы содан бері ақшасын қайтаруға асықпаған.

Жәбірленушіге келтірілген залал сол кездегі ақшамен есептегенде 2 млн теңгеге жуық қаржыны құрайды. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қолға түскен 34 жастағы ер адам өз әрекетін толықтай мойындады. Қолхат арқылы көлік сатып алғанын, бірақ төлемін жасамағанын айтты.

«Бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-баптың 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Онда алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолы, бөтен мүлiкке құқықты иемдену жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде