{metadescription}
Шымкентте ірі өрт болды

Шымкентте ірі өрт болды

Қоймадағы өртті ауыздықтап, мүлікті бүтін алып шығу үшін бір сағаттан астам уақыт қажет болды.

Шымкент ТЖД өрт сөндіру қызметінің 30-дан астам қызметкері қаладағы автобөлшектер қоймасынан шыққан өртті сөндіруге жұмылдырылды. Қоймадағы мүліктің жартысынан астамын өрттен аман алып қалу мүмкін болды. Шымкенттегі ірі қоймалардың өртке оранғаны туралы хабар 1 наурызда түнгі сағат 23:00 шамасында келіп түскен.

Шымкент ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, "Тұлпар – Шымкент" ЖШС аумағындағы өрт туралы хабар 2021 жылдың 1 наурызында сағат 22:52-де келіп түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жеткеннен кейін базар аумағындағы жалпы көлемі 600 шаршы метр қойманың ішінде автобөлшектер мен автомобиль аксессуарлары жанып жатқаны белгілі болды. Өрт сөндіру басталған уақытта тілсіз жау 200 шаршы метр аумаққа тарап үлгерген.

Өрт жалыны көрші ғимараттар мен сауда орындарына таралу қаупі болғандықтан, өртке жоғары деңгейдегі қауіп белгіленді. Бір сағаттың ішінде өртті тоқтату мүмкін болды. Тағы бір сағаттың ішінде өрт толық сөндірілді.

"Зардап шеккендер және қайтыс болғандар жоқ", - деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінде.

Оқиға орнында Шымкен қалалық ТЖД-ның жеке құрамындағы 35 адам мен бес техника жұмыс істеді. Сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының бригадасы да жұмылдырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде