Түсінен шошып оянған павлодарлық полицияны әбігерге салды
Павлодар қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, әйелін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан.
13:03 02.03.2021
Павлодарлық мас күйінде полицияға хабарласып, әйелін ұрлап кеткенін мәлімдеді. Ал әйел ол уақытта жұмыста болған. Полицияның хабарлауынша, Павлодар қаласының тұрғыны полицияға хабарласып, әйелін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтты. Оның сөзінше, адамдар хабарласып, төлем талап еткен. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері ешқандай адам ұрлау әрекеті болмағанын анықтады.
Әйелі таңертең жұмысқа кеткен, күні бойы жұмыста болған. Күйеуі біраз ішімдік ішкеннен кейін оянып, әйелін таппай, полицияға қоңырау шалған.
"Түсімде көрген сияқтымын", - деді павлодарлық полиция қызметкерлеріне.