{metadescription}
Төтенше жағдайлар министрі алматылықтарға ескерту жасады

Төтенше жағдайлар министрі алматылықтарға ескерту жасады

Ильин енгізілетін шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады.

Себебі құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Алматы қаласының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үлкен Алматы шатқалында шектеу шараларының енгізілетінін мәлімдеді. 

"Биыл біз екі сел тоқтату бөгетін салуға кірістік. Біреуі – Аюсай шатқалында, екіншісі – Ақсай шатқалында. Жақында ғана сол жаққа жұмыс сапары ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – басталып кеткен жұмыстарды бақылау. Осы орайда Алматы тұрғындарына және туристерге қауіпсіздікті сақтау мақсатында Үлкен Алматы шатқалына баруға бірқатар шектеу енгізілетінін ескерткіміз келеді", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Алматы қаласына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Сел түсу кезеңі шілде-қыркүйек аралығында болады. Сол кезде біздің мамандарымыз таудағы көлдердің деңгейін бақылап, суды түсіру шараларын жүргізеді", - деді Ильин.

Осы орайда министр Үлкен Алматы шатқалында енгізілетін шектеу шараларына түсіністікпен қарауды сұрады. Себебі құрылыс жұмыстарының нәтижесінде Алматы қаласының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде