{metadescription}
Алматылық оқушылар наурызда қалай оқиды

Алматылық оқушылар наурызда қалай оқиды

Алматы қалалық білім басқармасы оқушылардың аралас оқу форматына қашан ауысатынын айтты.

Басқармадан мәлімдегендей, әзірге бұл жайлы бұйрық шықпаған.

«Эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына байланысты Қазақстанда мектептерде аралас оқу форматы енгізіледі. Ал Алматы бойынша біз қалалық бас санитар дәрігердің ресми қаулысын күтіп отырмыз. Мектептер дайындалып жатыр. Жаңа қаулы шыққан жағдайда 1-5 сынып оқушылары аралас оқу форматына көшеді. Кезекші сыныпта оқып жатқан оқушылар өз сыныбына оралады», - дейді Бостандық аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бақытбек Қалжанов.

Сонымен қатар, ата-аналарға таңдау еркі берілген. Олар балаларын мектепке жіберуге де, жібермеуге де құқылы.

«Ата-аналар балаларды әлеуметтік қашықтықты сақтауға, жеке гигиена талаптарын сақтауға үйретуі тиіс», - дейді Бақытбек Қалжанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.