{metadescription}
Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы өшіріледі

Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы өшіріледі

Tелерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі, деп хабарлайды «Қазтелерадио» компаниясының сайты.

«2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсерік, цифрлы және аналог эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсерік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыст жүргізеді.

«Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыс сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыс та жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.

 

 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.