Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
СҚО-да үйде жалғыз қалған бала өрттен көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты.
17:43 02.03.2021
1 наурыз күні сағат 19.00 шамасында Аққайың ауданы Новороссийское елдімекеніндегі екі пәтерлі баспананың біреуінен өрт шықты. Өрт шыққан пәтер толық жанып кетіп, екіншісінің қабырғалары зақымданды.
"Өртсөндірушілер келгенге дейін жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың жансыз денесін алып шыққан. Өрт себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілі.
Әке-шешесі жұмысқа кетіп, бүлдіршін үйде жалғыз болған екен. Ақпарат бойынша, үйдің қабырғалары қамыстан жасалған соң оңай тұтанып кеткен. Өрт ас үйден шыққан, алдын ала болжам бойынша, тосын жайдың себебі пеш болған. Өрт салдарынан үйдің жартысы жарамай қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram