{metadescription}
Қазақстанда қайтадан боран басталады

Қазақстанда қайтадан боран басталады

Қазақстандық синоптиктер 3 наурызда сегіз облыста дауылды ескерту жариялады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел тұрып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екіпіні күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел түнде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде