{metadescription}
Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды

Курьер он екінші қабаттан құлаған 2 жасар қызды қағып алды

Курерлік қызметпен айналысатын азамат ғимарат алдындағы көлігінде отырып баланың жылаған дауысын естігенде, ата-анасы ұрысқан шығар деп ойлаған.

Вьетнамда курьер болып жұмыс істейтін азамат Нгуен Нгок Ман 12-ші қабаттың балконынан құлап кеткен екі жасар қызды қағып алды. Бүлдіршіннің балкон қоршауының сыртында асылып тұрған сәтін іргелес орналасқан ғимараттың тұрғындары видеоға түсіріп алған. Олар айқайлап, адамдарды көмекке шақырғанымен 2 жасар қыз 12-ші қабаттан құлап кетті. 

​Алайда оқиғаның куәгері болып тұрған курьер бірінші қабаттағы бастырманың үстіне шығып, сәбиді қағып алды. Заттарды жеткізумен айналысатын курьер ғимарат алдындағы көлігінде отырғанда кенет баланың жылаған дауысын естіген. Жай ғана ата-анасы ұрысқан шығар деп ойлаған ол, айқай-шу үдей түскенде көлігінен түскен.

"Бастапқыда мен қатты қобалжымадым. Ал баланың балконда ілініп тұрғанын көргенде, бірден үйдегі қызым туралы ойладым. Сөйтіп оны қалай да құтқаруға тырыстым", – дейді ол.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, нәресте жақын маңдағы балалар ауруханасына жеткізілген. Қазір тиісті ем-дом қабылдауда. Бастысы – дін аман. Ал жергілікті тұрғындар батыр деп атаған Нгуен Нгок Манның қолы жеңіл жарақат алған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде