{metadescription}
Қора ішінде итті атып өлтірген сәт түсірілген видео желіде тарады

Қора ішінде итті атып өлтірген сәт түсірілген видео желіде тарады

Кадр сыртында ер адамның кейіс білдіріп сөйлегеніне қарағанда ит қорадағы қойға шапқан болуы мүмкін.

Ондаған қой қамалған қора ішінде итті атып өлтірген видео Instagram желісіндегі Qazaqelim парақшасында жарияланды. Видеода қора ішіндегі қойлардың бір бөлігі қимылсыз, ал енді бірі тұяқ серпіп жатқаны көрінеді. Үрке қашып жүрген қойлар да бар. Қораның терезе жақ тұсында тілі салақтаған тайыншадай итті ашуға бой алдырған ер адам бірнеше рет атып салды.

Бірінші рет атылған оқтан кейін, кадр сыртында: "Добивай, добивай, пока голову поднял, добивай" деген дауыс естіледі. Содан кейін екінші рет оқ атылып, ит сеспей қатады. Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз. Ер адамның кейіс білдіріп сөйлегеніне қарағанда ит қорадағы қойға шапқан болуы мүмкін.

Алайда видеоның астына қалдырылған оқырман пікірлері екіге жарылған. Кейбіреулер ит құтырған болуы мүмкін десе, енді бірі, керісінше ит азапқа ұшырады деп санайды. Айта кетейік, соңғы бірнеше айда жануарларға қатыгездік көрсету фактілері қазақстандық БАҚ-та жиі жарияланып жатыр. Біршама уақыт бұрын Атырауда итті көлікпен сүйреп азаптаған оқиға желіде тараса, өткен аптада Шымкент көшесінде көздері зақымданған ит табылды.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде