{metadescription}
Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен нәресте табылды

Қарағандыда көпқабатты үйдің дәлізінен нәресте табылды

Қарағанды қаласының 15-ықшамауданында үйдің дәлізінен көрпеге оралған екі айлық қыз бала табылды.

Көкек ана іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. 3 наурыз күні сағат 00.15 шамасында Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 15-ықшамауданда үйлердің бірінің дәлізіне белгісіз біреудің көрпеге оралған екі айлық қыз баланы тастап кеткені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері шақырылды. Бала ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 119-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау үшін жұмыс жүргізуде.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде