{metadescription}
Алматы облысында көлік қаққан оқушылар комада жатыр
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында көлік қаққан екі оқушының жағдайы өте ауыр.
16:52 03.03.2021
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қыздардың комада екенін айтты.
«2012 жылғы екі қыздың жағдайы өте ауыр. Арнайы аппараттың көмегімен демалып жатыр. Бас-ми жарақатын алған. Жамбас сүйектері сынған. Ал үшінші 2011 жылғы қыздың жағдайы тұрақты. Аяғы сынған», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.
Еске салайық, 2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған төрт оқушы қызды қаққан болатын.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ