{metadescription}
Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді

Елордада тұрақта тұрған көлік өртенді

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті.

«Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында 5 маман мен 1 техника бар өрт сөндіру бөлімшесі Есіл ауданынына, Мәңгілік ел даңғылы 18-үйдің жанындағы шақыртуға барды. Оқиға орнына жеткен кезде көлік тұрағында тұрған «Мазда» маркалы автомобильдің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген аталған ведомство баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар департамент қазіргі уақытта өрттің неден шыққан анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде