{metadescription}
ШҚО-да қар көшкінінен «Өскемен-Алтай» трассасы жабылды

ШҚО-да қар көшкінінен «Өскемен-Алтай» трассасы жабылды

Шығыс Қазақстан облысында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде кешелі бері тоқтаусыз қар жауып, таулы аймақтарда көшкін жүру қаупі арта түскен. Осыған орай 3 наурызда кешке қарай «Өскемен-Тарғын-Самар» және «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» тасжолдары жабылды.

«Қазселденқорғау» ШҚОФ мамандары «Өскемен-Алтай» тасжолында жасанды жолмен қар көшкінін түсірді. Онға жуық учаскеден 275 мың текше метр қар түсіп, жолды түгел жауып қалған. Қазіргі уақытта жолды ашу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында 7 наурызға дейін көшкін жүру қаупі сақталатындығын хабарлаған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде