{metadescription}
Қазақстанда кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды

Қазақстанда кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеру ұсынылды

Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды.

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздің кітапханалары мен мұрағаттарындағы бірқатар мәселелерді атап өтіп, осы саладағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруді сұрады. ол Сенат отырысында еліміздің премьер-министріне осындай депутаттық сауал жолдады.

"2020 жылғы 1 қаңтардан республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға, өңірлік деңгейде 35 пайызға өсті. Бұл басқарушы және негізгі персоналдарға ғана қатысты. Ал қосалқы персонал, инженерлер, программистер мен кітапханалардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін мамандар жалақысы көтерілмей қалған. Қазір кітапханашылардың орташа жалақысы – 97 000 теңге, программистер мен инженерлердің орташа жалақысы – 68 000 теңге. Аймақтардағы кітапханашылар айлығы бұдан да төмен", - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, еліміздің кітапханаларын, кітап қоймалары мен мұрағаттарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемаларын шешу маңызды деп санайды. Депутаттың айтуынша, Ұлттық мұрағат қоры туралы Ереже жетілдіруді талап етеді. Осы уақытқа дейін архивтік ақпарат туралы Біртұтас республикалық классификатор жасалмаған. Мұндай классификатор заманауи каталогтарды, мәліметтердің электрондық базасын, электронды архив, ақпарат іздеу саласын дамыту үшін аса маңызды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде