{metadescription}
Пәтерін жалға берген ер адам баспанасынан айырылып қалды

Пәтерін жалға берген ер адам баспанасынан айырылып қалды

Пәтерде тұруға тыйым салынды.

Баспананың кімге тиесілі екенін сот шешеді. Қылмыстық іс қозғалып отыр. Өз пәтерін жалға берген Ресейдің Челябі қаласының тұрғыны жылжымайтын мүлкі кейіннен бейтаныс әйелге сатылғанын анықтады. Түмен қаласында тұратын пәтер иесі Дмитрий 2020 жылдың сәуір айында баспананы жалға бермек болған.

Пәтерді жалға алған адам екі айдың ақысын төлегеннен кейін байланысқа шықпай қойған. Кейіннен анықталғандай, жалға алушы пәтер иесінің төлқұжат мәліметтерін біліп алып, өз суретін жабыстыру арқылы жасанды құжат әзірлеген. Баспананы 2,4 миллион рубльге сатып жіберу үшін осы мәлімет жеткілікті болған. Сатып алушы мен делдал мұнда бір шикіліктің бар екенінен сезіктенбеген.

Пәтер қожайыны бұл жайлы бірнеше айдан кейін біліп, полицияға шағымданған. Құқық қорғау қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Полицейлердің айтуынша, Челябіде осы тектес бірнеше жағдай тіркелген, деп жазады sputnik. Пәтерде тұруға тыйым салынды. Баспананың кімге тиесілі екенін сот шешеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде