{metadescription}
Ғалымдар алма жеудің ел күтпеген жаңа әсерін анықтады

Ғалымдар алма жеудің ел күтпеген жаңа әсерін анықтады

Шетелдік ғалымдар алманың адам жадының дамуына әсері туралы айтты.

Мәселені Квинсленд университетінің және неміс нейродегенеративті аурулар орталығының мамандары зерттеді. Ғалымдар тышқандарға зерттеу жүргізді. Зерттеушілер ересек тышқандардың миынан бағаналы жасушаларды өсіріп,  оларға алма құрамындағы кверцетин немесе 2-гидроксибензой қышқылы — фитонутриенттер қосылды. Зерттеу нәтижелері бойынша алмадағы фитонутриенттердің жоғары концентрациясы нейрогенезді ынталандырады, яғни, жаңа нейрондардың пайда болу процесі жүреді.

"Резвератрол және эпигаллокатехин-3-галлат (EGCG) сияқты фитонутриенттер әртүрлі мүшелерге, соның ішінде миға да оң әсер етуі мүмкін", - дейді ғалымдар.

Олардың айтуынша, алынған әсер жаңа нейрондардың пайда болуына көмектесетін белгілі жаттығулардың әсерімен салыстырылыпты. 

Дереккөз: Stan.kz                                                               

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде