{metadescription}
Елімізде нан бағасы қымбаттай ма

Елімізде нан бағасы қымбаттай ма

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР АШМ өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов «Қазақстандағы жанармай бағасының өсуінен нан қымбаттамай ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Жанар-жағармайдың бағасының өсуі мәселесі біздің елде өте өзекті мәселе емес, өйткені мемлекет ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау шараларын қабылдап, жыл сайын арзан жанар-жағармай материалдарын бөліп отыр. Жылына 900 мың тоннаға дейін бөлінеді, бағасы жанармай құю бекеттеріне қарағанда 15-20% төмен. Сондықтан бағаның өсуі түпкілікті өнімге әсер етпейді деп ойлаймыз», - дейді Азат Сұлтанов.

Оның айтуынша, қазір жағдай бақылауда.

«Бұл мәселе бақылауда. Арзандатылған жанар-жағармайлар кестеге сәйкес аймақтарға - негізінен көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталған оңтүстік аймақтарға жөнелтілді», - дейді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде