{metadescription}
Анасы қызын айдалаға апарып өлтірген

Анасы қызын айдалаға апарып өлтірген

11 жылдан кейін әйел полиция қызметкерлеріне өзінің бір жарым жасар қызын өлтіріп, елсіз далаға апарып тастағанын мойындады.

Қостанай облысының полиция қызметкерлері баланы өлтіру ісін тергеп жатыр. Күдікке қыздың анасы ілікті. Тергеушілерге он жылдан астам уақыт бұрын бір жарым жасар қызды өлтіргені туралы ақпарат түскен. Тәртіп сақшылары қызға қатысты барлық ақпаратты тексере келе, тергеуді бастады. Бала азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде тіркелген.

Құжаттарда қыздың анасы тұрған ауыл көрсетілген. Алайда әйел де, оның қызы да онда ұзақ жылдар бойы тұрмағаны анықталды. Нәтижесінде полицейлер баланың анасын тапты, ол болған жағдайды айтып берген.

"Жанжал кезінде ол үйден кетіп қалған. Оны үйден қуып шыққан... Осы себепті жағдайы қиындаған, ол баланы елсіз далада өлтіріп, тастап кеткен", - деді Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бөлім бастығы Артем Ткаченко.

Әйел полицейлерге баланы тұншықтырып өлтіргенін, қыздың денесін ауыл шетіне қалдырып, облыстың басқа ауданына кеткенін мойындады, деп жазады sputnik. Баланың сүйегі табылмады. Әйел көрсеткен жер адам танымастай өзгерген. Ол жер бұрын елсіз дала болған, қазір жол салынған.

"Теориялық тұрғыдан, әрине, өзіне жалған кінә тағуы мүмкін. Яғни, дәлел болуға тиіс. Бала дүниеге келген, қазір жоқ, дәлел әзірге осы. Ол тірі болуы да мүмкін", - деп түсіндірді бөлім бастығы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде