{metadescription}
Тоқаев желіде жазба жариялады

Тоқаев желіде жазба жариялады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай Twitter-де жазба жариялады

"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мерейтойларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Олардың арасында Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155 жылдығы да болды.

Әлихан Бөкейханов - қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және Көшбасшысы, Тұңғыш Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Ол өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде