{metadescription}
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары барлық көше мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастырған.

Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды. 2021 жылдың 3 наурызында Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің кәмелет жасына толмаған қызы мектепке кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған. Отбасы қызын өздері жан-жақты іздеп таппағаннан кейін полицейлердің көмегіне жүгінген. 

Шымкент қаласы полиция департаменті Еңбекші ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді. Тәртіп сақшылары мен учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көше мен аулаларды мұқият қарап шығып, өтіп бара жатқан тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жоғалған қыз аман-есен табылып, отбасымен қауышты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде