{metadescription}
17 жастағы оқушының өліміне сыныптасы күдікке ілінді

17 жастағы оқушының өліміне сыныптасы күдікке ілінді

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі (ІІМ) Рудаки ауданының 17 жастағы тұрғыны Хоким Бобоев сыныптасымен арадағы жанжалдан кейін көз жұмды деп мәлімдеді.

Мекеменің 3 наурыз күні жариялаған мәлімдемесінде сыныптастардың арасында жанжал шығып, біреуі екіншісін таспен ұрғанын, нәтижесінде ол алған жарақатынан көз жұмғаны айтылған. ІІМ баспасөз қызметі жариялаған видеода күдікті сыныптасын таспен басын жарғанын, ол қылмысын жасыру үшін сүйегін өртеп жібергенін мойнына алған.

Оқиғаға байланысты Рудаки аудандық прокуратурасы "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Осыған дейін марқұм жасөспірімнің ата-анасы қылмысты тонау мақсатында жасалған болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

"Хокимде смартфон сатып аламын деп жүрген 250 сомони болған", - деген еді оның әкесі Муким Бобоев.

Өз кезегінде күдіктінің туыстары оның адам өлтіргеніне сенбейді. Оқиға 25 ақпанда Рудаки ауданында болған. Хоким Бобоевтің өртелген сүйегі үйінен алыс емес жерден табылған. Ресми мәліметтер бойынша былтыр Тәжікстанда жасөспірімдер тарапынан 6 мың қылмыс жасалған.

Дереккөз: centralasian.org 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде