{metadescription}
7 наурызда «Достучаться до мужчин» комедиясының премьерасы өтеді

7 наурызда «Достучаться до мужчин» комедиясының премьерасы өтеді

«Достучаться до мужчин» атты алғашқы отандық әйелдер драммалық комедиясы  үлкен экрандарда көрсетіледі.

Тұсау-кесер 7 наурызда өтеді, ал басты кейіпкерлерді қазақстандықтар бірден таниды – бұл көпшілікке танымал және көрермен көзайымына айналған - Дильназ Ахмадиева , Әсел Сәдуақасова, Мира Добрынина, Сабина Сакен, Перизат Алпыс.

Сюжет бойынша төрт жақын құрбылар Түркияда оянып, мұнда қалай келгендерін түсінбейді. Әсел (Мира Добрынина) – үй шаруасындағы әйел, үш баланың анасы. Дамира (Әсел Сәдуақасова )  –  республикалық телеарнада тележүргізуші болып жұмыс істейтін іскер ару. Аружан (Сабина Сакен) – жалғызбасты полиция капитаны. Әріптестері оны «еркек-шора» деп атайды. Аля (Дильназ Ахмадиева) – банк қызметкері, бірақ оның ішкі жан дүниесінде ақындық бар. Жасап жатқан жұмысын өзіне лайық емес деп есептейді.

Жан құрбылар ай сайын сүйікті кафеде кездесіп, жаңалықтарымен бөліседі. Қыздардың  жеке өмірі бір мезетте дағдарысқа ұшырайды және олардың кезекті кездесуі күтпеген шытырман оқиғаға айналады.

Бұл – әйелдердің қолымен түсірілген әйелдер туралы Қазақстандағы алғашқы кино. Біздің басты кейіпкерлерден сіз өзіңіздің құрбыңызды, әріптесіңізді, көршіңізді көруіңіз мүмкін. Трагедиялық комедия әр көрерменнің көңілінен жол табады деп сенеміз. Фильм біздің қоғамда қалыптасқан стереотиптерді айқын көрсетеді. Бірақ бұл фильм әр кейіпкердің өмірінде махаббат пен қуаныштың бар екенін көрсетеді

Киноның түсірілімі Қазақстанда және Туркияда өтті. Фильмнің үлкен экрандарға жол тартуы 7 наурызға, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жоспарланған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде