{metadescription}
Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес, енді карантин шаралары эпидемиологиялық жағдай асқынғанда ("жасыл" аймақтан "сарыға" немесе "қызыл" аймақтан "сарыға" көшкенде) 5 күн ішінде күшейеді, ал карантин шараларын жеңілдету "қызыл" аймақтан "сарыға" немесе "сары" аймақтан "жасылға" көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

- қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға (Ashyq пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салуды;

- Ashyq пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану қажет;

- келушіде смартфон болмаған немесе жүктеу кезінде қиындықтар туындаған жағдайда аталған мобильді қосымша, жауапты тұлға-мекеме қызметкері қосымшада ЖСН енгізу арқылы келушінің кіруін тіркеуге құқылы;

- қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көлікке және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау;

- мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу;

Қаулы 2021 жылғы 9 наурыздан бастап 00.00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде