{metadescription}
Миллиардер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Миллиардер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Республикалық партияның өкілі Францияның солтүстігінде апатқа ұшырады.

Оның әкесі де белгілі саясаткер болған. Француз депутаты, миллиардер Оливье Дассо мінген тікұшақ Нормандияда (Францияның солтүстігі) құлады. Апат Тук коммунасы ауданында болды, миллиардермен бірге ұшқыш та қаза тапты. Қайғылы жағдайға байланысты Франция президенті Эммануэль Макрон Twitter-де көңіл айтты.

"Оливье Дассо Францияны жақсы көрді. Ірі кәсіпкер, депутат, әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болды. Ол өмір бойы біздің елге қызмет етті", - деп жазды Макрон.

Республикалық партияның өкілі 69 жасында қайтыс болды. Оның әкесі Серж Дассо да миллиардер, танымал бизнесмен және саясаткер болған.

Дереккөз: sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде