Вакцинадан eр адам көз жұмды
Гонконгте ковидке қарсы вакцинадан көз жұмудың алғашқы фактісі тіркелді.
15:43 20.03.2021
Ер адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы екпесінен кейін үш күннен соң көз жұмған. 66 жастағы пациенттің созылмалы аурулары бар болып шықты. Ер азаматқа вакцинаның алғашқы дозасы 16 наурыз күні салынған. Ал 19 наурыз күні оның денесі көлігінің ішінен табылды.
Ол диабетпен және гипертониямен ауырған. Дегенмен вакцинадан кейін ол денсаулығына қатысты шағым түсірмеген. Көз жұмған азаматқа Pfizer/BioNTech вакцинасы егілген болатын. Сараптама комитеті бұл жағдайды бүгі-шігесіне дейін зерттейтін болады.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!