Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде карантин күшейтілді
Ақтөбе облысы бойынша шектеу шарасы күшейтіліп, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы түсіндіріліп жатыр.
17:05 22.03.2021
Жаңа қаулыға сәйкес конференция, көрме, форум өткізілмейді, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Үй ішінде ас беруге болмайды.
Сондай-ақ ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары), балалардың ойын алаңдары және аттракциондар, букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметіне шектеу қойылған. Ақтөбе облысы бойынша өткен тәулікте 39 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 10-ы дерттің симптомсыз түріне шалдыққан. Балабақшада тек кезекші топтар жұмыс істейді. Сонымен бірге жексенбі күні сауналар жабық болады.
«Балалардың түзету кабинеттерінде, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарында адам саны 15-тен аспауы тиіс. Банк, халыққа қызмет көрсету орталықтары, пошта бөлімшесінің жұмыс уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады. Діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді. Қоғамдық тамақтану орнында адам саны 50-ден аспауы тиіс. Оларда жұмыс және демалыс күндері сағат 07.00 – 00.00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілген. Театр, кинотеатр, концерттік зал сыйымдылығының 20 пайызына ғана көрермен кіргізіледі. Спорттық іс-шараларда көрермен болмайды», - деп хабарлады облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram