{metadescription}
Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кетті

Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған ұлдарын Мысырда қалдырып кетті

Өскемендік отбасы коронавирус жұқтырған кәмелетке толмаған ұлдарын Мысырға тастап кетуге мәжбүр болған.

Ата-аналардың сөздеріне сүйенсек, 17 жастағы баланың мемлекетте визасыз жүру мерзімі аяқталуға жақын. Сыртқы істер министрлігі бозбала дүйсенбіде тағы тест тапсыратынын хабарлады. Мысырда жүрген өскемендік он жеті жастағы бозбаладан коронавирус табылып, елге қайта алмай отыр. Екі аптадан кейін оның шетелде визасыз болу мерзімі аяқталады.

Төрт адамнан тұратын отбасы Мысырда демалған. Жолға шығардан алдын соңғы күні барлығы ПТР тест тапсырған. Тұңғыш ұлдан коронавирус табылғандықтан оған ұшаққа отыруға рұқсат етілмеген. Айта кетерлігі, балада аурудың ешқандай белгісі болмаған. Туроператор өкілі ата-анаға бала қонақ үйде қалып, қайта тестілеудің нәтижесін күту керектігін айтады. 17 жастағы бозбала бұған дейін басқа елдерге өз бетінше ұшып жүргендіктен, ата-анасы солай жасауға шешім қабылдайды.

Алайда бала өздігінен орала алмайды – "Эйр Астана" және "Скат" тасымалдаушы компаниялары кәмелетке толмаған баланы ұшаққа отырғызудан бас тартқан. Олар ата-анасы ұшып келіп, ұлын алып кетуі керек дейді. Алайда жақын уақытқа Мысырға билет жоқ: барлық рейс толып қалды, дейді "Премьер Тур" туристік агенттігінің директоры Валерия Топольняк.

"Баланың екінші тесті де оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар аурудың белгілері пайда болып, дене қызуы көтерілді. Оны ешкім емдеп жатқан жоқ, ол өз қаржысы есебінен қонақүй бөлмесінде отыр, тек есіктің астынан су салынған қорап берген", - дейді ол.  

Бұл жағдайға Қазақстанның сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді. Ресми өкіл Айбек Смадияров баланың жағдайы жақсы екенін хабарлады.  

"5 сәуірде қайта тест тапсырады. Әзірге қонақүйде карантинде болады, тамақпен қамтамасыз етілді, барлық шығынды қонақ үй көтереді, виза 20 сәуірге дейін жарамды. Ата-анасы хабардар, барлығы бақылауда. Біз жұмыс істеп жатырмыз, жерлесіміз назардан тыс қалған жоқ", - деп ол Facebook-тегі жазбаның астында мән-жайды түсіндірді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде