Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Павлодарда әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз табылды
Ол № 5512 әскери бөлімінен кеше сағат 6:30 шамасында кетіп қалған болатын.
14:38 04.04.2021
Бұл туралы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.
«Мерзімді қызметтегі әскери қызметші Елубаев сағат 00:30 шамасында қызметін өтеп жатқан 5512 әскери бөліміне өз еркімен келді. Қазіргі уақытта әскери бөлімді өз бетінше тастап кетуінің себептері мен жағдайлары анықталуда. Толығырақ қосымша хабарлаймыз», - делінген Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мәлімдемесінде.
Еске сала кетейік, Ақмола облысынан шақырылған мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Тамерлан Елубаев сенбі, 3 сәуір сағат 06:30 шамасында әскери бөлімнен өз еркімен кеткен болатын. «VITA» іздеу жасағының еріктілері мен Павлодар облысының әскери-тергеу органдары сарбазды бірге іздеген болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram