{metadescription}
Қазақстандық опера әншісі халықаралық сыйлықпен марапатталды

Қазақстандық опера әншісі халықаралық сыйлықпен марапатталды

Майра Мұхамедқызының айтуынша, жыл соңына қарай Тасқын Жармұқаметтің "Домалақ ана" операсын Париж сахнасында қою жоспарланған.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Үлкен операның" алғашқы қазақстандық солисті Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығымен марапатталды. Ал салтанатты шара Мәскеудегі Үлкен театрда өтті.

Бұл марапат халықаралық кәсіби қазылар алқасының берген бағасы ретінде қабылданады және ол классикалық музыканың әлемге әйгілі ресейлік және шетелдік орындаушыларына беріледі, деп жазады sputnik. Өткен жылы пандемияға байланысты бұл рәсім өтпей қалған. Ал соңғы екі жылда айтарлықтай жетістіктерге жеткен өнерпаздар марапатталды. Бұған дейін опера әншісі Салтанат Ахметова мен әнші Данэлия Төлешова Қазақстан атынан өнер көрсеткен.

"Қазақстан әлемге таңғажайып таланттарды сыйлады. Біз бүгін мұнда Шымкенттің опера және балет театрының алғашқы әйел-жетекшісін қабылдағанымызға өте қуаныштымыз. Енді біздің қатарымызда опера және балет театрының директор-әншісі бар. Бұл өте құрметті әрі Майра Мұхамедқызын осы жеңісімен құттықтаймыз", – деді BraVo сыйлығының атқарушы продюсері Юрий Андрейчук.

Майра Мұхамедқызы қазір композитор Тасқын Жармұқаметтің "Домалақ ана" операсымен жұмыс істеп жүр. Оны Шымкенттің визит картасына айналдыру көзделіп отыр. Ал әншінің айтуынша, қойылымды осы жылдың соңында Париж сахнасында қою жоспарланған.

Опера әншісі онда басты рөлді ойнап қана қоймай, оны құрудың идеялық шабыттандырушысы болды.

"Бізді қазірдің өзінде Германия, Лондон, Парижге шақырып жатыр. Бірақ біз карантиннің аяқталуын күтіп жүрміз. Менің ойымша, карантин жақын арада аяқталады және театрымыз ашылады. Сөйтіп, "Домалак Ана" барлық жерде естілетін күнді асыға күтудеміз", – деді ол.

Айта кетейік, BraVo сыйлығымен марапаттау рәсіміне әр жылдары Хосе Каррерас, Анна Нетребко, Денис Мацуев, Владимир Спиваков және Жапония, Қытай, Корея мен ТМД елдерінен классикалық орындаушылары қатысқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде