{metadescription}
Сұлулық байқауында жеңімпаз атанған арудың тәжін тартып алды

Сұлулық байқауында жеңімпаз атанған арудың тәжін тартып алды

Шри-Ланкада өткен сұлулық байқауында жеңімпаз атанған әйелден тәжді тартып алған.

Жеңімпаздарды марапаттау сәтінде былтырғы байқаудың жеңімпазы Каролин Джури микрофонды алып, жеңіске жеткен Пушпика да Силва ажырасқанын айтып, тәжді киюге лайық емес екенін мәлімдейді. 

"Тұрмыс құрып, ажырасқан әйелдерге титул берілмейтіні туралы ереже бар. Сол себепті тәж екінші орынға алған қатысушыға тиесілі", - деп мәлімдеген Джури тәжді екінші орын иеленген аруға тақты.

Тәжінен айырылған жеңімпаз Facebook-парақшасында марапаттау сәтінде жарақат алып, ауруханаға баруға мәжбүр болғанын жазған. Енді ол тәжді тартып алған Каролин Джуриді сотқа бермек. Оның сөзінше, ол ажыраспаған, тек күйеуінен бөлек тұрады. Ал байқау ұйымдастырушылары Пушпика да Силвадан кешірім сұрап, дереу тәжді қайтаратынын мәлімдеді. 

Дереккөз: Stan.kz      

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.