{metadescription}
Рамазан айы: Eлорданың бас санитар дәрігері үндеу жасады

Рамазан айы: Eлорданың бас санитар дәрігері үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды.

«Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни мереке – қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Бұл еліміздің көптеген азаматтары үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық азаматтарын мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Біз діндар адамдардың рухани және діни сезімдеріне терең құрметпен қараймыз. Алайда, қауіпті вирустың ауыр пандемиясы барлығының денсаулығына қауіп төндіреді», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сархат Бейсенова осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектеу сипатындағы барлық іс-шараны ескеруді және сақтауды, атап айтқанда, ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үй жағдайында өткізбеуді ұсынатындығын баса айтты.

«65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында қалады. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуді ұсынамыз. Әлеуметтік қашықтықты сақтау мен жеке қорғаныш құралдарын пайдалану негізгі сақтық шараларның бірі болып қала береді. Күн жылынды деп босаңсуға себеп жоқ. Сақтық шараларын сақтау арқылы өзіңізді ғана емес, жақындарыңыздың да өмірі мен денсаулығына жауапкершілік танытатыныңызды ескеріңіз», - деді елорданың бас санитар дәрігері.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде