{metadescription}
Ата-анасы қызына тамақ бермей, байлауда ұстаған

Ата-анасы қызына тамақ бермей, байлауда ұстаған

Ресейдің Ростовск облысында ата-анасы тамақ пен су бермей, аш қалдырған 8 жасар қыз қамқоршылық қызметіне тапсырылды.

Ата-анасы қыздың аяқ-қолын байлап үйге жалғыз қалдырып кеткен. Байлаулы жатқан қызды көршілерінің бірі көріп қалып, баланы босатып, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Ол кезде баланың қарны ашқаны соншалық, көрпені шайнай бастаған көрінеді.

"Қант сұрауға кірген едім. Кірсем қыз матрастың үстінде байлаулы күйінде жатыр. Мені бұл оқиға шошытып жіберді. Күнде айқай-шу болып жатады. Қыз күніне үш-төрт рет жылайтын", - дейді көршісі Лариса. 

Қыз анасымен және өгей әкесімен бірге тұрған. Оның ата-анасы үйге ешкімді кіргізбейтін көрінеді. Көршілерінің айтуынша, ер адамға шезофрения диагнозы қойылған. Қазір 8 жасар қыздың анасы мен өгей әкесіне кәмелетке толмағанға қатысты азаптау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды.

Олар полицияға баланы 2021 жылдың қаңтарынан бері қорлап келгенін айтты. Қыз қатты жылап, түсқағаздарды жей бастаған кезде әке-шешесі оны байлап тастаған.  Бала ауруханаға жатқызылып, артынша қамқоршылық органдарына беріледі. Дереккөздің хабарлауынша, биологиялық әкесі қызын қамқоршылыққа алуға ниет білдірмеген. Алайда, әкесі бұған дейін қызының тағдырына алаңдайтынын айтқан.

"Дәрігерлер қызымның тірі қалмайтынын айтты", - дейді қорлық көрген қыздың өз әкесі. 

Дереккөз: Stan.kz 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде